-
Наурыз айының соңғы күні кезекті педагогикалық кеңес өткізілді. Бірінші мәселеде мекеме басшысы А.Б.Ожахаева "Жаңартылған білім мазмұнын тәрбие мен оқытуда пайдаланудың тиімді жолдары" атты кеңесте, курста жетілдірген білімін іс-тәжірибеде жаңаша көзқараспен ұштастырды. Музыка жетекшісі Қаражанова Алия "Арт технологиясын музыка оқу қызметінде қолданудың әдіс -тәсілдері" тақырыбында өз іс-тәжірибесінен кеңес оқып, педагогтардың ұсыныс, пікірлерімен бөлісті.